НЕТВОРКИНГ

Direkterra платформасында білім беру саласындағы өз ісіне берілген көшбасшылардың кәсіби қауымдастығы құрылды. Өз еліңізден, Германиядан немесе бүкіл әлем бойынша әріптестеріңізді табыңыз. Сізге барлық тіркелген пайдаланушылары бар платформаның картасы және біздің тақырыптық негізгі сөз бойынша іздеу жүйеміз көмектеседі. Танысып отырыңыз, әріптестеріңізбен тікелей чат арқылы байланысыңыз немесе тақырыптық топтар құрыңыз, білім беру саласындағы заманауи үрдістерді талқылаңыз немесе бірлескен іс-шаралар мен жобаларды жоспарлаңыз.

ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ ЖӘНЕ ТІЛДЕСУ

Direkterra қауымдастығымен өз пікірлеріңізбен бөлісіңіз, әріптестеріңізге сұрақтар қойыңыз және әлемнің әр түкпірінен жауаптар алыңыз. Ниеттес адамдардың тәжірибесінен шабыт алыңыз және жобаларды бірге жүзеге асырыңыз. Өз профиліңізді ағылшын, неміс немесе өз еліңіздің тілінде толтырыңыз және қауымдастыққа өзіңіз қазіргі уақытта жұмыс істеп жатқан кәсіби қызығушылықтарыңыз бен мәселелеріңіз туралы әңгімелеп беріңіз.

КӘСІБИ ДАМУ

Біздің тегін семинарлар мен халықаралық сарапшылармен өткізілген сұрақ-жауап сессияларына қатысыңыз. Барлық осы белсенді әрекеттер тек Direkterra – да жүзеге асырылады. Біз сондай-ақ Direkterra пайдаланушылары үшін эксклюзивті (соның ішінде үлкен жеңілдіктермен) тренингтер ұсынамыз. Білім беру процесінің алдыңғы қатарында болыңыз. Білім берудегі жаңа беталыстар туралы бірінші болып біліңіз, өз оқу орныңыз бен командаңыздың жан-жақты стратегиялық дамуына ықпал ететін көшбасшылық және «жайлы» дағдыларыңызды нығайта түсіңіз.

Неге Direkterra

Direkterra мектеп директорларын, кәсіби училищелер мен білім беру саласындағы әкімшілікті біріктіреді, оқиғалар туралы хабардар етеді және халықаралық ауқымда тәжірибе алмасуға шақырады.

 

Direkterra – бұл халықаралық тәжірибені ескере отырып, өзінің білім беру мекемесін дамытуға, өз құзыретін жақсартуға ұмтылатын және Германия мен басқа да елдердің білім беру және бизнес саласындағы сарапшыларымен эксклюзивті іс-шараларға қызығушылық танытатын мақсатқа бағытталған басшылар мен олардың орынбасарларына арналған платформа. 

 

Direkterra – да өз тәжірибеңізбен бөлісіп, кәсіби байланыстар орнатып қана қоймай, сонымен қатар жобаларды бірге әзірлеп, жүзеге асыра алатын ниеттес адамдарды табасыз.

 

Біз жетекші оқу орындарымен ынтымақтаса отырып, тек Direkterra пайдаланушылары үшін қол жетімді инновациялық, заманауи оқыту мүмкіндіктерін ұсынамыз.

 

Direkterra білім беру мекемелері басшыларының қажеттіліктеріне бағытталған және заманауи білім беру беталыстары мен халықаралық тәжірибені ескеретін, сондай-ақ білім беру мекемелерінің дамуына ықпал ететін Гёте-Институтының біліктілікті арттыру бағдарламаларын ұсынады. 

Ең маңызды мүмкіндіктерге қысқаша шолу

DIREKTERRA топтық жұмыста Сізге көмектесетін көптеген құралдарды біріктіреді

Бақылау тақтасы

Жеке кабинетте кез келген уақытта топтарыңызға, жобаларыңызға және іс-шараларыңызға шолу жасаңыз.

топтық чат

Біз rocket.chat мессенджері біріктіреміз! Командаңызға және өз арналарыңызға тікелей хабарламалар жазыңыз — тіпті мобильді қосымшада.

Жаңалықтар

Пошта арқылы сіз кез-келген уақытта өз тобыңызға және WECHANGE қауымдастығына жаңа нәрсе туралы хабарлайсыз.

Only Office көмегімен құжаттарды жасау

Құжаттарды Office сияқты кәсіби түрде, бірге және нақты уақыт режимінде жасаңыз және форматтаңыз.

Nextcloud көмегімен файлдарды сақтау

Nextcloud көмегімен файлдар мен қалталарды басқарыңыз және оларды жергілікті түрде синхрондаңыз. Біз хостингке қамқорлық жасаймыз.

Күнтізбе және оқиғалар

Топтың немесе жобаның жалпы күнтізбесінде ішкі кездесулер мен қоғамдық іс-шараларды жасаңыз.

Біз туралы

Гёте-Институты – Германия Федеративтік Республикасының әлемге әйгілі мәдени институты.

Біздің Гёте-Институттар, Гёте-орталықтар, мәдени қоғамдар, оқу залдары, сондай-ақ емтихан және тіл орталықтары желісі шамамен жетпіс жыл уақыт бойы көптеген адамдарға Германиямен танысуға көмектеседі. Біздің дүниежүзінің 90-нан астам еліндегі жетекші мекемелермен және қайраткерлермен көпжылдық серіктестігіміз елімізге деген тұрақты сенімді қалыптастырады. Біз Германия және оның мәдениетіне белсенді қызығушылық танытатын кез келген тұлғамен серіктес боламыз, және қайсыбір партиялар мен саяси құрылымдарға тәуелсіз жұмыс істейміз.

Байланыс ақпараттары